Skip to content

1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ Түркістан облысы Мақтаарал…

1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп “коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 30 сәуір күні “1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні” мерекесіне орай “Қазақстан-халықтар достығының мекені” тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – татулық пен достықты дәріптейтін мемлекеттік мереке. Бұл күн – еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыстың береке-бірлігін, бейбіт тіршілігін, достығы мен татулығын паш ететін ерекше мейрам.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда қазақтармен бірге орыс, өзбек, украин, ұйғыр, татар, неміс және басқа да ондаған ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүруде. Осы ұлттардың бірлігі мен ынтымағы – ел тұрақтылығының негізі.
Бұл мерекеде еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар, концерттер, ұлттық киімдер көрмесі, дәмді тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Балалар мен жастар ұлттық би билеп, ән шырқап, достықты насихаттайды.
Бірлік бар жерде – тірлік бар!
Бұл – еліміздің басты ұраны. Бірлігіміз нығайып, еліміз өркендей берсін!
Аға тәлімгер: О.Камал
Музыка пәні мұғалімі: С.Адылханов

#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#1мамырДостықкүні
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *