14 НАУРЫЗ – “КӨРІСУ КҮНІ-АМАЛ МЕРЕКЕСІ”
🍀 Көрісу күні – Амал мерекесі
Көрісу күні – қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Бұл күн адамдар арасындағы бауырмалдықты нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін ерекше мереке. Көрісу күні жасы үлкендерге сәлем беріп, бір-бірімен қол алысып, құшақ жайып көрісу арқылы амандық-саулық тілейді.
☘️ Амал мерекесі – жаңа жылдың бастауы
Амал мерекесі табиғаттың жаңаруымен қатар, адамдардың да бір-біріне жылы тілектерін арнап, татуласып, қуанышпен бөлісетін күні. Бұл мереке бірлік пен ынтымақты арттырып, қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптейді.
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 14 наурыз күні Көрісу күніне арналған тағылымды іс-шара өткізілді.
Баршаңызды көктемнің шуағын ала келген Көрісу күнімен құттықтаймыз! Бір-бірімізге жылы сөз айтып, амандық-саулық тілесіп, сыйластықты арттырайық!
#Көрісукүні
#Амалмерекесі
#біртұтастәрбиебағдарламасы
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
