Skip to content

7 МАМЫР-ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ🇰🇿 Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар! Баршаңызды…

7 МАМЫР-ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ🇰🇿

Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар!

Баршаңызды 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – елінің тыныштығы мен тұтастығын қорғаған, ерлік пен батырлықтың биік үлгісін көрсеткен азаматтарға көрсетілер ерекше құрмет күні.
Отан қорғау – әрбір ер азаматтың қасиетті парызы. Еліміздің қауіпсіздігі мен бейбіт болашағы – бүгінгі ұрпақтың парасаттылығы мен патриоттық рухына байланысты.

Бүгінгі мереке – тек әскери қызметтегі жандар үшін ғана емес, туған жерін сүйетін, елінің дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға ортақ мейрам.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы, қажымас қайрат, бейбіт өмір мен жарқын болашақ тілеймін!
Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, болашағымыз баянды болсын!

Мерекемен құттықтаймын!

Мектеп директоры: Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *