АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕКПЕН-ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 16 мамыр күні “Абыройлы еңбекпен-құрметті зейнетке” тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Меркелік іс-шара талай жыл бар өмірін мектепке арнаған Байляров Абилхайр Алсейтовичтің зейнет жасқа шығуына арналды. Мерекелік іс-шараға Мақтаарал аудандық кәсіподақ төрағасы Ниязбеков Асылбек, МАББ әдіскері Жұмабек Нұрымбетов қатысып, ұстазымызды құттықтап, сый-сыяпатын ұсынды.
Адам өмірі – үлкен бір кітап секілді. Әр беті бір кезең, әр сөйлемі бір естелік. Бұл өмірде кім қалай өмір сүреді, не қалдырады – бәрі де оның адами болмысына, жасаған ісіне байланысты.
Бүгін біз сондай ерекше бір тарауы жабылғалы тұрған, бірақ санамызда мәңгі жаңғырып тұратын ғұмыр жолына куә болып отырмыз. Ұлағатты ұстаз, үлгілі азамат, еңбек жолын шәкірт тәрбиелеуге арнаған Байляров Абилхайр ағайымыз зейнеткерлікке шығу құрметіне ие болып отыр.
Ол 1962 жылы Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында дүниеге келіп, білімге деген құштарлығын ерте танытты. 1979 жылы №18 «М.Әуезов» атындағы мектепті үздік бітіріп, Жиззақ қаласындағы педагогикалық институттың техникалық және еңбек факультетіне оқуға түсіп, 1985 жылы ойдағыдай тәмамдайды.
Әскери борышын абыроймен өтеп, кейіннен Юрий Гагарин атындағы мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. 2002 жылы тарихи Отаны – Қазақстанға оралып, білім беру саласында елеулі еңбек жолын жалғастырды. 2005 жылы №113 жалпы орта мектепте жұмыс істеп, 2007 жылдан бастап «№15 Мақтажан» мектебінде шәкірт тәрбиесіне өз үлесін қосып келеді.
Абилхайр ағай – тек пән мұғалімі емес, ұрпақ жүрегіне ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиетті дарытқан шын мәніндегі ұлағатты ұстаз!
#біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
#зейнетжас
