«АРАЙЛЫ, АЛТЫН КҮЗ!» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР АРАСЫНДА КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 23 қазан күні «Еңбегі адал жас өркен» жобасы аясында бастауыш сыныптар арасында «Арайлы, алтын күз!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Бұл көрменің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекқорлық пен әсемдікке деген талғамын арттыру.
Көрме барысында оқушылар өз қолдарымен түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, күздің сұлулығын бейнелейтін сәнді киімдер киіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Осындай іс-шаралар балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.
Ұйымдастырушылар: ДТІЖО Р.Ергешова, тәлімгер А.Алтынбек
#АрайлыАлтынКүз
#ЕңбегіАдалЖасӨрен
