Skip to content

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне…

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы және мектеп әкімшілігі ардагер ұстаздарды құттықтап, құрмет көрсетті.

Ақназаров Жұмабек – ұрпаққа үлгі болған ұстаз.
Ұзақ жылдар бойы мектебімізде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған Ақназаров Жұмабек ағай – өз ісінің нағыз шебері, тәртіп пен тәрбие ұстанымын шәкірт санасына сіңіре білген ардақты ұстаздардың бірі.
Ол кісінің еңбегі тек пәндік білім берумен шектелмей, жас ұрпақты отансүйгіштікке, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды. Жұмабек ағайдың шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, ұстаздарының берген тәлімін мақтанышпен еске алады.
Мектебіміздің директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы Жұмабек ағайға шынайы алғыс білдіріп, мерекелік құрмет көрсетті. Ардагер ұстазымыздың ақ батасы мен ақыл-кеңесі – кейінгі ұрпаққа мол мұра.
Ізгі ниетпен: мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы және мектеп әкімшілігі.
#ардагерұстаздар
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *