Skip to content

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне…

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы және мектеп әкімшілігі ардагер ұстаздарды құттықтап, құрмет көрсетті.

Утепбергенова Алмакүл апай 2003-2021 жылдар аралығында мектебімізде химия-биология пәні мұғалімі болып қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде өзінің кәсіби біліктілігімен, ізденімпаздығымен, шәкірттерге деген шексіз мейірімімен дараланған ұстаз. Оның тәрбиелеген талай шәкірті бүгінде еліміздің әр түкпірінде еңбек етіп, Алмакүл апайының берген білімі мен өмірлік бағыт-бағдарын зор ризашылықпен еске алады.

Құрметті Алмакүл апай!
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен шаттыққа толы күндер тілейміз!
Сіздің еңбегіңіз — ұрпақ санасында мәңгілікке сақталады!

Ізгі ниетпен: мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы және мектеп әкімшілігі.
#ардагерұстаздар
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *