Skip to content

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне…

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы және мектеп әкімшілігі мектебімізде ұзақ жылдар бойы сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өскелең ұрпаққа өздерінің өлшеусіз үлесін қосқан ардагер ұстаздарымызға құрмет көрсетілді.

Атап айтқанда, Ақназаров Ережеп ағай 1998-2016 жылдар аралығында бейнелеу өнері және еңбек пәнінің мұғалімі ретінде, ал Алсейтова Болдықыз апай 1977-2017 жылдар аралығында бастауыш сынып мұғалімі ретінде абыройлы еңбек етіп, бірнеше буын шәкірт тәрбиеледі.

Мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы ардагер ұстаздарға шынайы алғысын білдіріп, олардың еңбектерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ардагерлердің ақ батасын алып, ұрпақ сабақтастығының жалғасы ретінде құрмет көрсетті.
Құрметті ұстаздар!
Сіздердің білімге деген адалдықтарыңыз, шәкірттерге деген шексіз махаббаттарыңыз — өшпейтін із, өлшеусіз еңбек.
Біз сіздерден тағылым алып, жолымызды таптық. Сіздердің әрбір ақылыңыз, әрбір өнегеңіз — біз үшін өмірлік сабақ.
Бүгінгі ұрпақ сіздердің терең біліміңіз бен биік парасатыңыздың жемісі.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын, жүрек жылуыңыз сөнбесін деп тілейміз!
#ардагерұстаздар
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *