«АРДАГЕРЛЕРДІҢ ӨМІР ЖОЛЫ – ЖАС ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА АРДАГЕР ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 24 қазан күні өмірін білім саласына арнаған ардагер ұстаздармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа, ұстазға деген құрметке, өмірлік тәжірибеден өнеге алуға тәрбиелеу болды.
Іс-шараны мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы ашып беріп, барша қатысушыларды “25 қазан – Республика күні” мерекесімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде елдің дамуы мен жастардың патриоттық рухын нығайтудың маңызын ерекше атап өтті.
Ардагер ұстаздар өздерінің еңбек жолындағы қызықты сәттермен бөлісіп, жас буынға ақыл-кеңестерін айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Кездесу барысында оқушылар ардагерлерге өз сұрақтарын қойып, олардың өмірлік ұстанымдары мен педагогикалық тәжірибесінен тағылым алды.
Бұл кездесудің жас ұстаздар мен оқушылар үшін берер өнегесі зор.
Ардагерлердің өмір жолы – нағыз парасат пен табандылықтың, адамдық пен адалдықтың үлгісі!
Ұйымдастырушы: ДТІЖО Р.Ергешова, тәлімгер А.Алтынбек, ҚББ педагогтары К.Дуйсекова, А.Меирманова, Ф.Сайлау, А.Пердебаева
#АрдагерҰстаздар
#ТағылымдыКездесу
#ҰстазМерейі
#МектепӨмірі
#ҰлағаттыҰстаз
#АдалАзаматБіртұтастәрбиебағдарламасы
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
