“ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ”
Қол күресінен өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
11-сынып оқушысы – Аширбек Ақмырза, 9-сынып оқушысы – Мадалханова Жұмакүл қол күресінен өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысып, өз салмақ дәрежелерінде I-орын иеленді.
Бұл жеңіс – еңбектің, табандылықтың және ерік-жігердің жемісі!
Жас спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да сәттілік пен биік белестер тілейміз!
Жаттықтырушы: М.Незамидинов






