Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және ардагерлер!
Сіздерді тарихымыздағы ең ұлы мерекелердің бірі — Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың қайсар рухын, отансүйгіштік пен батырлықтың биік үлгісін танытқан күн. 1941–1945 жылдар аралығында өткен Ұлы Отан соғысы – тек біздің еліміздің ғана емес, бүкіл адамзаттың тағдырына әсер еткен ұлы шайқас болды. Осы Жеңісті бізге сыйлаған батыр бабаларымыздың ерлігі – мәңгілік мақтанышымыз, ұрпаққа үлгі болар рухани мұра.
Бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде біз Жеңіс үшін жанын қиған батырларымызды мәңгі жадымызда сақтауымыз керек. Ерлікке тағзым ету – бейбіт елдің перзенті ретіндегі қасиетті парызымыз.
Бейбіт аспан астында бақытты балалық пен тыныш өмір сүруіміз – сол ержүрек жауынгерлердің ерлігі мен құрбандығының жемісі. Ендеше, бүгінгі ұрпаққа артылған міндет – осы бейбіт өмірді сақтау, елін сүйетін, рухы биік азамат болып қалыптасу.
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін!
Мәңгілік ел – мәңгілік Жеңіс рухымен өмір сүреді!
Мектеп директоры: Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы

