Skip to content

Құрметті жас жеткіншектер! Сіздерді «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен…

Құрметті жас жеткіншектер!

Сіздерді «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — үлкен сенімнің, жауапкершіліктің және елге қызмет етудің алғашқы баспалдағы. Сіздер — Тәуелсіз Қазақстанның болашағы, ел ертеңіне үміт артқан жас буынсыздар. Әрдайым Отанды сүюді, білімге ұмтылуды, достық пен бірлікті биік қоюды өздеріңізге серік етіңіздер.

Алдарыңыздан ашық жол, асқақ арман, нұрлы болашақ тілейміз!

Елімізді сүйетін, ел үмітін ақтайтын саналы да салауатты азамат болып өсулеріңізге тілектеспіз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *