Skip to content

🍁 “КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ – 2025” МЕКТЕПІШІЛІК БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ🍂 Түркістан облысы…

🍁 “КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ – 2025” МЕКТЕПІШІЛІК БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ🍂

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Шабыт” жобасы аясында 2025 жылы 22 қазан күні дәстүрлі “Күз ханшайымы – 2025” атты қыздар байқауы жоғары деңгейде өткізілді.
Байқауға 3–4 сынып оқушылары қатысып, өздерінің өнері мен таланты, тапқырлығы мен сән талғамын көрсете білді.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
1️⃣ Таныстыру – қатысушылар өздерін шығармашылық түрде таныстырды.
2️⃣ Күзгі сән defile – күзгі стильде сән көрсетілімі өтті.
3️⃣ Өнер сайысы – қатысушылар ән айтып, би билеп, өлең оқыды.
4️⃣ Интеллектуалды сұрақтар – қыздардың ой-өрісі мен тапқырлығы сыналды.
5️⃣ Күзгі қолөнер – қатысушылар өз қолдарымен жасаған ерекше бұйымдарын ұсынды. 🍂

Байқау барысында бүлдіршіндеріміздің шығармашылығы мен әсемдігі, алғырлығы мен батылдығы айқын көрінді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Ұйымдастырушы: ДТІЖО Р.Ергешова, тәлімгер А.Алтынбек, ҚББП Ф.Сайлау
#адалазаматбіртұтастәрбиебағдарламасы
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply