Skip to content

Мақтааралда ашылған алғашқы мектепке 91 жыл! ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Түркістан…

Мақтааралда ашылған алғашқы мектепке 91 жыл!

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы Алматов аудандағы ең алғашқы мектептің ұжымымен кездесті.

Ауданда 1934 жылы іргесі қаланған «Мақтажан» жалпы білім беру мектебі бүгінде 91 жылдық тарихы бар білім ордасы ретінде шәкірттерге саналы білім, сапалы тәрбие беруді жалғастыруда.

Департамент басшысы аудан халқымен кездесуде алғаш ашылған мектептің тарихын зерттеп, білім ордасының ұжымымен арнайы жүздесті. Кездесуде мектептің өткені мен бүгіні, ұстаздар еңбегі және білім сапасын арттыру мәселелері сөз болды.

Мектеп ұжымының қажырлы еңбегін ерекше атап өткен Ғалымжан Бауыржанұлы білім саласында тұрақтылық пен дәстүр сабақтастығының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ұстаздарға алғысын білдіріп, сапалы білім беру ісінде табыс тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *