“МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК” АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ӨӨБҰ мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» акциясы өткізілді.
Акция аясында мектептің кіші қызметкерлеріне құрмет пен алғыс белгісі ретінде кішігірім тәттілер ұсынылды.
Шынайы мейірім – үлкен істерден емес, қарапайым назар мен ықыластан басталады. Күн сайын тынымсыз еңбек етіп, мектептің ұйытқысы болып жүрген жандарға көрсетілген бұл кішкентай сый – үлкен ризашылықтың белгісі болды.
Осындай игі шаралар арқылы оқушылардың жүрегіне мейірім ұялап, сыйластық пен адамгершілік құндылықтары нығая түсті. Жақсылық жасау – жанға қуаныш сыйлайтынын тағы бір мәрте дәлелдеген күн болды.
Тәлімгер: А.Алтынбек
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
