“МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” атты алғашқы қоңырау мерекесі 🔔🎊
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 1 қыркүйек-Білім күніне орай “Мектебім – мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны өткізілді. Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы сөз алып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтап, қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беру – ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекшелігімен таныстырды. Жиынға қатысқан қонақтар да мектеп ұжымын және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап сөз сөйледі.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған
1-сынып оқушылары өлең оқып, жұрттың қошеметіне бөленсе, өнерпаз оқушыларымыз ән жырдан шашу шашты. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің жас бүлдіршіндері алаңды айнала сылдырлатып, барша қонақтарды айырықша әсем күйге бөлеп, салтанатты кештің көркін кіргізді. Осылайша Алғашқы қоңырау жиыны жақсы көңіл-күймен басталып, көңілді әсерге бөледі.
Барша ұстаздар мен ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге, зор табыстарға жете берулеріне тілек білдіреміз.
#оқу_ағарту_министрлігі
#тәрбиеспортқосымшабілімберуортылығы
#tarbie_kzo
#білім_бөлімі
#біртұтастәрбие







