«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ» ІС-ШАРА ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС «ӨРТ СӨНДІРУШІ – БАТЫР МАМАНДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 18 қараша күні ДТІЖО Р.Ергешова, М.Азмидинов, АӘжТД пәні мұғалімі Ғ.Айтуғанов, Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ермекбаев Динмухаммед Нагашыбекович және бөлімнің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бекжан Сүлеймен Бижигитұлы 9–11 сынып оқушыларымен тағылымды кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Бекжан Сүлеймен Бижигитұлы жылыту маусымының басталуына байланысты өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол ең қауіпті пеш түрі – «Каменный пеш» екеніне тоқталып, оның қауіпсіздігі жөнінде ата-аналарға жеткізуді тапсырды. Сонымен қатар газды колонкалардың түтігі міндетті түрде сыртқа дұрыс бағытталып, ашық болуы қажеттігін атап өтті.
Телефонды зарядқа қойып, құлаққаппен бірге ұйықтап қалудың өмірге қауіпті екенін ескертіп, мұндай әдеттен сақ болуға шақырды.
Оқушыларға «Өрт кезіндегі іс-қимыл» атты арнайы жадынама таныстырылды:
1. Өртті көрген сәтте ересектерге немесе «101» өрт сөндіру қызметіне дереу хабарла!
2. Ғимараттан мүмкіндігінше тез шығып кетуге тырыс.
3. Тығылуға болмайды — түтін иісі адам өміріне өте қауіпті.
4. Көзің жасаурап, түтіннен қиналсаң, тыныс жолдарын беторамалмен немесе мата бөлігімен жауып, сол арқылы демал.
5. Ғимарат қою түтінге толса, еңбектеп немесе төрттақтап қозғалған тиімді — өйткені төменгі қабатта ауа салқындау әрі таза болады.
6. «Өрт — тілсіз жау». Оның адам өміріне аса қауіпті екенін әрдайым есте сақта!
Сонымен бірге толық қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Кездесу соңында Ермекбаев Динмухаммед Нагашыбекович өрт сөндіру құралдарының жұмысымен таныстырып, олардың қолдану тәсілдерін көрсетті.
#Өрттілсізжау
#өртқауіпсіздігі
#өртсөндірушілер
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
