Skip to content

🇰🇿🇰🇿🇰🇿РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН»,«ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ…

🇰🇿🇰🇿🇰🇿РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН»,«ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ”Біртұтас тәрбие”бағдарламасы аясында “16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” қарсаңында 13.12.2024жылы аға тәлімгер О.Камалдың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларын Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан”,”ЖасҚыран”ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді. Салтанатты жиында мектеп-гимназия оқушылары АНТ қабылдады.
Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға ант берді.
Салтанатты жиында алғаш сөз алған ДТІЖО Р.Ергешова “Жас Ұлан”,”Жас Қыран” ұйымына қабылданатын шәкірттерімізге оқуда озат,білімді,жан-жақты дамыған “Адал азамат”болып қалыптасуға шынайы ізгі-тілегін арнады.
Жиында Жас ұландар әні орындалып, оқушылардың мойынына галстук байлап, ұйымға мүше етіп қабылдады.
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿Егемендігіміз бен елдігімізді ерекше ту еткен жас өрендеріміздің алар асуы, шығар шыңы биік болғай!
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿Еліміздің болашағы жарқын,тұғыры биік болсын!!
#Біртұтас_тәрбие
#Mақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *