Skip to content

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН»,«ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ…

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «ЖАС ҰЛАН»,«ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ”Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 2025 жылы 15 желтоқсан күні мектеп оқушыларын Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан”, ”Жас Қыран” ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді.

Салтанатты жиында мектеп оқушылары АНТ қабылдады.

Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға ант берді.

Салтанатты жиында алғаш сөз алған мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” ұйымына қабылданатын шәкірттерімізге оқуда озат, білімді, жан-жақты дамыған “Адал азамат” болып қалыптасуға шынайы ізгі-тілегін арнады.

Жиында Жас ұландар әні орындалып, оқушылардың мойынына галстук байлап, ұйымға мүше етіп қабылдады.

Егемендігіміз бен елдігімізді ерекше ту еткен жас өрендеріміздің алар асуы, шығар шыңы биік болғай!

Еліміздің болашағы жарқын, тұғыры биік болсын!!
Ұйымдастырушы: тәлімгер А.Алтынбек
#АдалАзаматБіртұтас_тәрбие
#Mақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *