🎓 СӘТ САПАР, САҒАН ЖАС ТҮЛЕК🎊
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 19 маусым күні “Сәт сапар, саған жас түлек” тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге арналған аттестат тапсыру өткізілді.
Бүгін-мектеп тарихында ерекше күн!
11 жылдық білім мен еңбектің, балалық пен жастықтың, достық пен арманның тоғысқан сәті. Аттестат – жай ғана құжат емес, әрбір түлек үшін жаңа өмірге бастар алғашқы қадам!
💐 Салтанатты шарада мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы жүрекжарды тілектерін арнап, түлектерге сәттілік тіледі.
🎓 11-сыныпты – 27 түлек аяқтады
🏆 “Үздік аттестат” иегерлері:
Балтамаш А.С., Жұмабек Б.Д.
👑 “Алтын белгі” иегері – Дуйсенбай Ұ.С.
🎓 9-сыныпты – 37 оқушы тәмамдады
🏆 “Үздік аттестат” иегерлері:
Бәкір К.М., Усейн Д.Х., Умар Д.Р.
📸 Бұл күн – ұмытылмас естеліктерге толы!
❤️ Түлектеріміздің әрқайсысына алдағы өмір жолында үлкен табыстар мен биік белестер тілейміз! Армандарыңыз орындалып, қанаттарыңыз талмасын!
🔗 Мектеп – өткінші шақ, ал өмір – алда!
Біз сіздермен әрдайым мақтанамыз!
#Түлектер2025
#АттестатТапсыру
#МектепБітірдім
#БілімЖолы
#АлтынБелгі
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
