Skip to content

ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ КУБОГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, 2…

ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ КУБОГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТІП, 2 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНҒАН ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫ САЛТАНАТТЫ КҮТІП АЛУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен қол күресінен Әлем кубогінде топ жарып, 2 дүркін чемпион атанған жас спортшыларымызды салтанатты түрде күтіп алу шарасы өткізілді.

Бұл байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздарымыз:
– Аширбеков Ақмырза
– Мадалханова Жұмакүл

Салтанатты іс-шара барысында чемпион оқушыларымыздың ата-аналарына мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар, жеңімпаз спортшыларымызбен оқушылар арасында еркін сұхбат ұйымдастырылып, шәкірттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, чемпиондардан тағылымды жауаптар алды.

Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!
Биіктерден көріне беріңіздер!
Жаттықтырушы: М. Незамидинов