Skip to content

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты ”N35 Болашақ жалпы…

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты ”N35 Болашақ жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында 2025 жылы 21.04-25.04.2025 жыл аралығында “Ұлы Жеңістің 80 жылдығы” және “ҚР ҚК-ң құрылғанына 33 жыл” толуына орай өткізілетін оқу-дала жиыны және медициналық практиканың ашылу салтанатты жиынына “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылары мен АӘД жетекшісі А.Байляров, дене шынықтыру пәні мұғалімі Ш.Ақназаров қатысты.
Салтанатты жиынға Атакент шекара бөлімінің басшысы, мектеп директорлар, тәрбие орынбасарлары, оқу орынбасарлары, ауған соғысы ардагері Д. Бапаев қатысты.
Жетекшілер жас сарбаздарға патриоттық рух беретін құттықтау сөздерін арнап, оқу-жаттығуға сәттілік тіледі.
Бес күндік жиынның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбиені күшейту, Қарулы Күштердің рөлін насихаттау, және елін, жерін сүюге баулу болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *