Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 11 желтоқсан күні маңызды кәсіби кездесу өтті.
Бұл күні “№2 Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің тренерлері мен үйлестірушісі Б. Сейтова, сондай-ақ серіктес мектептердің үйлестірушілері бірлесіп кәсіби сұхбат жүргізіп, зерттеу сыныптарының жұмысын бақылау мақсатында әдістемелік қолдау көрсетті.
Мақсаты:
•мұғалімдерге көрсетіліп жатқан қолдау деңгейін талдау;
•зерттеу сыныптарының жұмысын жетілдіру;
•педагогтардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту;
•тәжірибе алмасу арқылы ұсыныстар мен әдістемелік бағыттарды күшейту.
Күтілетін нәтижелер:
•мұғалімдердің кәсіби іс-тәжірибесіне тиімді өзгерістер енгізілді;
•педагогтарға жүйелі әрі тиімді әдістемелік қолдау көрсетілді;
•серіктес мектептер арасындағы өзара тәжірибе алмасу үдерісі нығайды.
Бұл іс-шара екі мектептің де педагогикалық әлеуетін арттырып, мұғалімдердің кәсіби дамуына елеулі оң әсерін тигізді.
