Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 30 қыркүйек күні “1 қазан-Халықаралық қарттар күні” мерекесіне орай “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы жоспарына сәйкес “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында мектеп тәлімгері, кітапханашылар Ш.Исаева, А.Бегимова, ҚББ педагогтары К.Дуйсекова, Ф.Сайлау, А.Пердебаева және 5-8 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Қарттарым-асыл қазынам!” тақырыбында ардагер ұстазымыз Ақназаров Жұмабек ата, 100 жастан асқан Саттарова Зирә әже және Нусратова Шарбат апаның шаңырағына барып, атаулы мерекемен құттықтап қайтты.
Қазіргі таңда бірнеше немере мен шөбере
тәрбиелеп, отбасының ұйытқысы болып
отырған қариялардың ақ батасын алып,
өсиеттерін тыңдап, рухани азық, алып келді.
Оқушылар қарияларға өздерінің дайындап барған жыр-шумақтарын, тілектерін білдірді.
Мақсатымыз: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#қарттаркүні







