Skip to content

“ҮЙІРМЕ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА АПТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛДІ…

“ҮЙІРМЕ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА АПТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылы 09 ақпан күні “Үйірме – шығармашылық пен жаңашылдықтың бастауы” тақырыбында қосымша білім беру педагогтары апталығы көтеріңкі көңіл күймен бастау алды. Апталықтың ашылуына орай ұстаздар қауымына арнап жүрекке жылу сыйлаған “Қайырлы таң” акциясы ұйымдастырылды.

Таңғы уақытта мектепке келген әрбір ұстазды ерекше ықылас пен жағымды атмосфера қарсы алды. Акция аясында педагогтарға мотивациялық, жігерлендіретін жылы лебіздер жазылған ыстық кофе мен тіске басар тәттілер таратылды. Бұл шағын ғана, бірақ мағыналы сыйлықтар ұстаздарға күнді жақсы көңіл күймен бастап, бой сергітіп, шығармашылыққа шабыт алуға мүмкіндік берді.

Аталған акцияның басты мақсаты – мұғалімдердің еңбегіне алғыс білдіру, олардың күнделікті тынымсыз жұмысына қолдау көрсету, сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастықты нығайту болды. Ұстаздар қауымы мұндай жағымды бастамаға риза болып, көтеріңкі көңіл күймен өз ризашылықтарын білдірді.

Осындай жылулыққа толы іс-шаралар педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттырып, жаңашыл идеялардың туындауына жол ашады. Қосымша білім беру педагогтары апталығы алдағы күндері де мазмұнды, қызықты, пайдалы шаралармен жалғасын табады деп сенеміз.
Ұйымдастырушы: Қосымша білім беру педагогтары