“ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 03 қазан күні «Ұстаз ұлағаты» тақырыбында тамаша мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
11-сынып оқушылары ұстаздарын ерекше ықыласпен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, жүрекжарды алғыстарын мен жылы лебіздерін білдірді.
Оқушылардың ыстық ықыласы мен ризашылыққа толы сөздері ұстаздар қауымына қуаныш пен шабыт сыйлады.
Іс-шараны мектебіміздің директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы ашып беріп, барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде ұстаздардың еңбегінің маңыздылығын, ұлт болашағын тәрбиелеудегі рөлін ерекше атап өтті.
Бұл күн — әр ұстаздың еңбегіне деген алғыс пен құрметтің мерекесі!
Ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, абыройы арта берсін!
#ҰстазКүні
#ҰстазҰлағаты
#МұғалімКүні2025
#МұғалімімеМыңАлғыс
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
