Skip to content

“Ұстазыңды құттықта” челленджі Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты…

“Ұстазыңды құттықта” челленджі

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында ерекше бастама қолға алынды.

Бұл челлендждің басты мақсаты – шәкірт жүрегіндегі алғыс пен құрметті ұстазына жеткізу, олардың еңбегін бағалау.

📌 Оқушылар жүрекжарды тілектерін, жылы лебіздерін арнап, ұстаздарға қуаныш сыйлады.
Мұндай шаралар ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс пен сыйластықты одан әрі нығайтады.

Құрметті ұстаздар! Сіздердің еңбектеріңіз – болашақтың шамшырағы.
Баршаңызға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындыруына куә болуды тілейміз!

#ҰстазыңдыҚұттықта
#МектепӨзінӨзіБасқару
#ҰстазғаҚұрмет
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply