“ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК, ТОЛҒАЙДЫ МҰҚАҒАЛИ!”
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылы 10 ақпан күні “Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл” толуына орай мектебімізде «Әр өлеңі – бір әлем» тақырыбында поэзиялық челлендж ұйымдастырылды.
Мағыналы бастама мектебіміздің директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызының жүрекжарды өлең оқуымен бастау алды.
Қазақ поэзиясының алып тұлғасына тағзым ретінде өткізілген бұл челлендж оқушылар мен ұстаздардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани әлемін байытты.
Мұқағали жырлары – мәңгілік, Мұқағали әлемі – шексіз!
Ұйымдастырушы: А. Пердебаева
