“НҰР СЕБЕЛЕ-ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ”
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 20 наурыз күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Наурыз мерекесін атап өтуге арналған «Нұр себеле-Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік іс-шара жоғарғы деңгейде өткізілді.
Мерекелік іс-шараны мектеп директоры А.Қадырбекoва және МАББ әдіскері С.Сүлейменова ашып беріп, барша жиналған қонақтар мен ұстаздарды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап өтті.
Мерекелік іс-шарада қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын насихаттайтын “Көрісу күні”, “Ұрын бару”, “Сырға салу”, “Қыз ұзату”, “Беташар”, “Бесікке салу”, “Тұсау кесу” дәстүрлерінен мектебіміздің ұстаздары нақышына келтіре көрініс құрып, ән салып, би-билеп, мерекелік іс-шараның шырайын аша түсті.
Мектебіміздің мерейі үстем, алар асуы мол, жеңісті күндері көп болсын!
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#nauryznama2025
#НұрсебелеҰлыстыңұлыкүні
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
