📚 «Сабақты зерттеу» (Lesson Study) әдісін қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуы
2026 жылдың 16–21 ақпан аралығында “N15 Мақтажан ЖББМ” КММ базасында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Курсқа “N15 Мақтажан ЖББМ” КММ және “Абылайхан атындағы N2 ЖББМ” КММ педагогтері қатысып, өзара тәжірибе алмасу алаңы құрылды. Қатысушылар «Сабақты зерттеу» әдісінің кезеңдерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, бірлескен жоспарлау, зерттеу сабағын өткізу және кәсіби рефлексия жасау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.
Курстың жоғары деңгейде өтуіне жетекшілік еткен – педагогикалық шеберлігімен танылған білікті тренер Файзиев Нұржан Сапарханұлы.
Бұл курс – сапалы білімге бастар нақты қадам!
@nurzhan.saparhanuli
