Skip to content

14 наурыз-“Көрісу күні-Амал мерекесі” 🌺🌺КӨРІСУ күні-халқымыздың дәстүрінде жаңару мен жаңа…

14 наурыз-“Көрісу күні-Амал мерекесі”

🌺🌺КӨРІСУ күні-халқымыздың дәстүрінде жаңару мен жаңа бастамаларды білдіреді. Көрісу күні жасы үлкен адамдармен көрісіп, бір-біріне денсаулық, бақыт, қуаныш тілеп, аман-саулық сұрасып, қуанышпен бөлісетін күн.
🌺🌺АМАЛ мерекесі-халқымыздың ежелгі дәстүрлерінің бірі.
Амал күні-көктемнің басталуын, жаңа жыл мен табиғаттың жаңаруын білдіретін күн. Бұл мереке адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, бір-бірімен кездесіп, аман-саулық сұрасып, тілектерін айту дәстүрі болып табылады.
🌺🌺Осы орайда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 14 наурыз күні ҚББ педагогтарынығ ұйымдастыруымен “КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ” арналған челлендж өткізілді.
🌺🌺Мейірім мен жылылыққа толы мерекелі күндеріміз көп болсын.
Әр шаңыраққа құт-береке енсін!
Ізгі тілекпен: “N15 Мақтажан ЖББМ” КММ қосымша білім беру педагогтары
#Біртұтас_тәрбие
#Наурызнама
#nauryznama2025
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#қосымшабілімберупедагогы
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *