Skip to content

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ ДЕБАТ ОЙЫНЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ Түркістан облысы…

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ ДЕБАТ ОЙЫНЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” базасында “КЕМЕҢГЕР” пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен “Қазақстанның болашағы-жастардың қолында” атты өңірлік дебат өткізілді.
Іс-шараны мектебіміздің директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы және МАББ әдіскері Ермахан Есболов ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Тартысты пікірсайысқа Мақтаарал ауданының дебат төрағасы Е.Тағаев төрешілік жасап, әділ шешімін берді. Сайысқа 8 фракция қатысты.

Мақсаты: Оқушыларды шешендік өнерге баулу,көшбасшылық қабілетін арттыру,өз ортасында еркін сөйлеу шеберлігін дамыту.

🏆1-орын “TWIX”фракциясы “N15 Мақтажан ЖББМ”
🏆2-орын “Шаңқыздар” фракциясы “N31 Береке ЖББМ”
🏆3-орын”ҰшқырОй”фракциясы “Қ.Сәтбаев ЖББМ”
“Ең үздік спикер” номинациясымен “N15 Мақтажан ЖББМ” оқушысы К.Кеңесбай;
“Ең үздік лидер” номинациясымен “N15 Мақтажан ЖББМ” оқушысы Н.Сұлтанбек;
Үздік өнер көрсеткені үшін “Самұрық” фракциясы “Н.Бекежанов ЖББМ” және “Ұшқырой алаңы” фракциясы “Қажымұқан ЖББМ” арнайы дипломдармен марапатталды. Алдағы уақытта үлкен белестерді бағындыруына сенім білдірілді.
Ұйымдастырушы: Дебат жетекшісі: О.Камал
#пікірсайыс
#ұшқыройалаңы
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *