Skip to content

ҮНДІСТАН ЕЛІНІҢ МУМБАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ҚОЛ КҮРЕСТЕН АЗИЯ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ…

ҮНДІСТАН ЕЛІНІҢ МУМБАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ҚОЛ КҮРЕСТЕН АЗИЯ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Қазан айының 19-27 күндері аралығында Үндістан елінің Мумбай қаласында армрестлингтен жас-жеткіншектер, жасөспірімдер арасында Азия Кубогі өтті.
Азия құрлығының кіл мықтылары бақ сынаған жарыста Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары қатысып, қол күрестен спортшыларымыз 3 алтын, 1 күміс медальді ел қоржынына түсірді.
Жасөспірімдер арасында 50 кг салмақ дәрежесінде Аширбек Ердәулет Ниязбекұлы сол қолда-1 орын және оң қолда–1 орын.
Жас-жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде Мадалханова Жұмагүл Темірханқызы сол қолда–2 орын, оң қолда-1 орын алды.
Мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы қол күрестен жаттықтырушы Мадияр Бектөреұлы Низамидиновты және жеңімпаз болған оқушылардың ата-аналарын жеңістерімен құттықтап, еліміздің көк туын көкке көтерген спортшыларды құттықтап, бұл жетістік баспалдақтың бірінші қадамы болсын, келешекте бұданда жоғары Әлем чемпиондары болуларына тілектес екенін айтып өзінің жылы лебізін білдірді.
Қол күрестен жаттықтырушы Низамидинов Мадияр Бектөреұлын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, әр қашан Еліміздің мақтанышы болып, әнұранымызды әр қашан шырқата берулерін тілейміз.
#Азиячемпионы
#Қолкүрес
#2дүркінАзиячемпионы
#Біртұтастәрбие
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *