“ДУБЛЕР КҮНІ” өткізілді
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 03 қазан күні ДТІЖО жетекшілігімен, аға тәлімгердің ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне орай мектептегі өзін – өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілетін іске асыру мақсатында «ДУБЛЕР КҮНІ» өткізілді. Осы мақсатта жүргізілген айтулы шарада пән мұғалімдерінің рөлін «МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» мүшелері атқарды. Оқушылар ұстаздарға мерекелік көңіл – күй сыйлап, жауапкершілікті сезініп, өздеріне жүктелген міндеттерді өз деңгейінде атқарды.
Шара соңын қорытындылай келе, оқушылар «Дублер күні» алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікірлерімен бөлісті.
Бұл күн оқушылар үшін қажырлы еңбекпен өз ісіне деген жауапкершілікті сезініп, педагог қызметінің маңызды екендігін сезіне алатын қызығы мол күн болды.
#Дублеркүні
#МектепПарламенті
#Өзінөзібасқару
#ұстаздаркүні






