Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке — еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ынтымақ пен татулықтың нышаны. Көпұлтты мемлекетіміздің басты байлығы — түрлі этностардың өзара сыйластығы мен бірлігі. Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп, білім алып, еңбек ету — барша азаматтар үшін зор мәртебе әрі ортақ жауапкершілік.
Бірлік бар жерде береке болатыны айқын. Осы құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру — біздің ортақ мақсатымыз. Білім ордамызда да этносаралық татулық пен өзара түсіністікке негізделген орта қалыптасып келеді.
Осы игі мерекеде әр шаңыраққа амандық, құт-береке, елімізге тұрақтылық пен гүлдену тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы

