Skip to content

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «№15 Мақтажан жалпы…

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 08 мамыр күні “Ұлы Жеңіске 80 жыл” толуына орай «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы ашып беріп, мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол ата-баба ерлігін ұмытпау, тарихты құрметтеу – әр ұрпақтың азаматтық борышы екенін атап өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырларымыздың ерлігін ұлықтау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, батырлыққа және тарихи жадыны құрметтеуге тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар соғыс ардагерлеріне арналған өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады, көріністер қойылып, батырлар туралы мәліметтермен бөлісті. Мектеп ұжымы мен оқушылар ерлікке тағзым ете отырып, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге үндеді.
#ұлыжеңіске80жыл🔥🎗️🎖️⭐️🪖🇰🇿
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *