Skip to content

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕДЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ШӘКІРТТЕРІМІЗДІ ҰЛЫҚТАҒАН “ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ-2025” МЕРЕКЕЛІК…

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕДЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ШӘКІРТТЕРІМІЗДІ ҰЛЫҚТАҒАН “ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ-2025” МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2025 жылдың 22 мамырында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу жылының қорытындысы бойынша білімде, өнерде және қоғамдық жұмыстарда үздік шыққан оқушыларды марапаттауға арналған «Үздіктер шеруі – 2025» салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның шымылдығын мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы ашты.
Құттықтау сөзінде ол озат оқушылардың жетістіктерін атап өтіп, білім мен тәрбие жолында табанды еңбек еткен ұстаздар мен ата-аналарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, түлектерге жарқын болашақ пен сәттілік тіледі.

Мақсаты:
Оқу жылы бойында үздік білім көрсеткен, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, өнегелі тәртібімен ерекшеленген озат оқушыларды марапаттау арқылы олардың жетістіктерін бағалау; білімге құштарлықты арттыру, дара тұлғаларды таныту; жастарды еңбекқорлыққа, тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу және «Үздік болуға ұмтыл!» идеясын қалыптастыру.
#біртұтастәрбиебағдарламасы
#Үздіктершеруі2025
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *