Skip to content

🎊“МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!”🎊 2025 жылғы 23 мамыр күні Түркістан…

🎊“МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!”🎊

2025 жылғы 23 мамыр күні Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Мектебім, саған мың алғыс!” атты оқу жылын қорытындылау салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — оқу жылының аяқталуын ресми түрде қорытындылап, мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, білім ордасына деген алғыс пен ризашылық сезімді білдіру, жас буынды отансүйгіштікке, қадір-қасиетті бағалауға баулу.

Салтанатты кешке мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезхенқызы, Иіржар ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы Оспанов Талғат Әділханұлы, МААБ есепшісі Убайдулла Балерке Убайдуллақызы арнайы қатысып, іс-шараның шымылдығын ашты. Құрметті қонақтар мен мектеп басшысы бітіруші түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, болашақ жолдарына сәттілік пен ақ баталарын берді.

Кеш барысында оқушылар ән шырқап, әсерлі қойылымдар көрсетіп, ұстаздар мен ата-аналарға жүрекжарды алғыстарын арнады. “Мектебім, саған мың алғыс!” деген атаулы кеш мектеп қабырғасындағы естен кетпес сәттермен, жылы лебіздермен есте қалды.
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Мектебімсағанмыңалғыс
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
#Бітірушітүлектер
#СәтсапарЖАСТҮЛЕК
#ЖАСТҮЛЕК2025

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *