Skip to content

“МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім…

“МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты жиын өтті.

Бұл игі шара барысында оқушыларға жүрекжарды құттықтау сөздері айтылып, білім ордасына деген сүйіспеншіліктері арта түсті. Мектебіміз – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар, мейірім мен ізгіліктің, рухани құндылықтардың ордасы екенін тағы бір мәрте сезіндірді.

Жиын ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы құттықтау лебізін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

1-сынып табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ерекше құрмет көрсетіліп, дәстүрлі «Алғашқы қоңырау» рәсімі өтті.

Бұл мерекелік жиын оқушылардың бойында Отанға, туған жерге деген мақтаныш сезімін оятып, мектебіне деген адалдық пен жауапкершілікті нығайтты. Ұстазға құрмет, білімге құштарлық, биік мақсаттарға жетуге деген сенім қалыптастырды.

Жаңа оқу жылы табыстарға, жемістерге толы болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *