“ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА” ЧЕЛЛЕНДЖІ
Оқу-ағарту министрлігінің “Ұстаз – ұлт шамшырағы” онкүндігі аясында біздің мектебімізде ерекше шара өтті.
“Ұстазыңды құттықта” челленджі арқылы ұстаздарымызға арналып, жүрекжарды тілектер мен ізгі лебіздер жолданды.
Осы орайда, мен барша әріптестерімді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – еліміздің ертеңі, жас ұрпақтың болашағы.
Шәкірт жүрегіне білім нәрін себіп қана қоймай, тәрбие мен ізгілік дәнін еккен еңбектеріңіз әрқашан өлшеусіз бағаланады.
Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, бақыт пен шуақты күндер тілеймін!
Ұстаз еңбегі – мәңгілік.
Құрметпен,
Мектеп директоры
Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы
#Ұстазыңдықұттықта
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ
