Skip to content

“ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының…

“ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

Облыс прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлы өңіріміздегі барлық мектеп оқушыларымен @turkistan.obl.prokuratura және @daulet_tlemissov ресми инстаграм парақшалары арқылы тікелей эфирде кездесу өткізді.

Кездесу барысында:
• балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
• құқық бұзушылықтың алдын алу,
• киберқауіпсіздік,
• жасөспірімдердің әлеуметтік желідегі мәдениеті,
• құқықтық сауаттылықты арттыру сияқты өзекті мәселелер кеңінен қозғалды.

Даулет Бекбашұлы жасөспірімдерді дұрыс емес әрекеттерден аулақ болуға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігіне шақырды. Сонымен бірге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты, толық және түсінікті жауаптар берілді.

Бұл кездесу оқушыларға үлкен тәрбиелік маңыз бар ақпарат ұсынып қана қоймай, ата-аналар мен педагогтер үшін де баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілікті терең түсінуге мүмкіндік берді.

#АдалАзаматБіртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Қауіпсізбалалықшақ
#Безопасноедетство
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *