Skip to content

«ТӘУЕЛСІЗДІК — ЖҮРЕКТЕГІ ҰЛЫ ҰҒЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ Түркістан…

«ТӘУЕЛСІЗДІК — ЖҮРЕКТЕГІ ҰЛЫ ҰҒЫМ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “N15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік — жүректегі ұлы ұғым» тақырыбында “16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” мерекесіне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

Салтанатты жиынды мектеп директоры Қадырбекова Ақмоншақ Әуезханқызы ашып, барша ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол Тәуелсіздіктің халқымыз үшін баға жетпес құндылық екенін атап өтіп, ел болашағы — білімді, отаншыл ұрпақтың қолында екенін ерекше жеткізді.

Іс-шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, ән-жырмен елге деген сүйіспеншілігін білдірді. Мерекелік кеш Тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш пен рухты асқақтатқан тағылымды сәттерге толы болды.

#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#Мақтааралауданыбілімбөлімі
#15МақтажанЖББМ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *