“ӘР ӨЛЕҢІ – БІР ӘЛЕМ” ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КАФЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 10 ақпан күні ҚББ педагогтарының апталық жоспарына сәйкес мұғалімдерге арналған «Әр өлеңі – бір әлем» тақырыбында әдеби-музыкалық кафе ұйымдастырылды.
Рухани кеш барысында қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрсетіліп, ақынның жүректен туған сырлы өлеңдері оқылды. Сондай-ақ, Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер жанды дауыста орындалып, кешке ерекше әсер мен жылулық сыйлады.
Әдеби-музыкалық кафе қатысушыларға поэзия әлеміне бойлап, рухани тынығуға, ұлттық құндылықтарды терең сезінуге мүмкіндік берді. Мұқағали жырлары арқылы ұстаздар қауымы бір сәтке болса да мәңгілік махаббат, туған жер, адамгершілік пен өмір мәні жайлы ой түйді.
Әр өлең – жүрекке жол, әр шумақ – тұтас бір әлем…
ҚББП: А. Пердебаева
