Курстың қорытынды күні – тәжірибе мен талдау алаңы!
«Сабақты зерттеу» (Lesson Study) курсының соңғы күнінде тәжірибелік кезең жүзеге асырылды.
Аталған күні “Абылайхан атындағы N2 ЖББМ” КММ ұстазы зерттеу сабағын өткізіп, кәсіби шеберлігін тәжірибе жүзінде көрсетті. Ал курсқа қатысушы өзге ұстаздар бақылаушы ретінде қатысып, оқушылардың оқу әрекетін, тапсырмалардың тиімділігін және оқыту әдістерінің нәтижелілігін зерделеді.
Сабақтан кейін бірлескен талдау жүргізіліп, кәсіби пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Мұғалімдер нақты деректерге сүйене отырып, сабақты жетілдіру жолдарын ұсынып, терең рефлексия жасады.
Бұл – Lesson Study әдісінің негізгі құндылығы: бірлескен жоспарлау, бақылау және кәсіби талдау арқылы сапалы білімге қадам жасау.
Тренер: Файзиев Нұржан Сапарханұлы
Бірлескен еңбек – үлкен нәтижеге бастайды!
